"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос орынға конкурс жариялайды.
Мекен жайы: 090408, БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы, Құрманғазы көшесі,№3 үй, e.sh.orakbaev@mail.ru, тел: 87114123735
• Конкурс мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
• Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар ``Enbek.kz``және Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына және әлеуметтік желі парақшаларына жарияланды.
1) аспаз /1 бірлік/
Лауазымдық міндеттері :
– әр түрлі жармалардан жасалатын ботқалар; қайнатылып, бұқтырылып, қыздырылып пісірілетін, езіліп дайындалатын (пюре) дәм түрлерін, көкөністі ас мәзірлерін; бақша өнімдерінен, жемістерден дайындалатын, жемісті-көкөністі, етті-көкөністі салаттар, винегреттер әзірлейді;
– ет сорпасын, тауық сорпасын әзірлейді, сондай-ақ вегетариандық (етсіз), пюре түріндегі, салқын көжелер мен сүйек сорпасын қосып жасаған көжелер дайындайды;
– әртүрлі қуырмалар, томатты, қаймақты, сүтті және жемісті соустар; суфле, тефтель, гаше, котлет, гуляш және басқа да мал етінен, тауық етінен және балықтан жасалатын дәм түрлерін; "субпродуктілерден" әзірленетін тағамдар; жармадан жасалатын "запеканкалар"; ет, жұмыртқа, сүзбе қосылған көкөніс дәмдерін; сүт, жұмыртқа қосылған тағамдар; ыстық және салқын сусындар, жеміс пен көкөніс шырындарын, компот, кисель, морс, мусс, желе түрлерін, тағы басқа да үшінші реттік дәм түрлерін даярлайды;
– ашытылған және ашытылмаған қамырларды илейді, олардан бөлкелер (булочкалар), бәліштер (пирожкилер), құймақтар (оладьялар), жұқа құймақшалар (блинчиктер), ватрушкалар (ішіне ірімшік салып пісірген нан), кептірілген нан (сухариктер) және басқа да тамақ өнімдерін әзірлейді;
– жас ерекшеліктеріне сәйкес белгіленген нормалар бойынша дәм үлестерін бөледі және таратады;
– күн сайынғы ас мәзірін жасауға қатысады;
– азық-түлік өнімдерінің дұрыс сақталып, орнымен жұмсалуын қамтамасыз етеді;
– ас түрлерін әзірлеп, тағамдық өнімдерді дайындау кезінде қосымша операцияларды атқарады;
– тиісінше маркіленген тақталарды және пышақтарды пайдалана отырып шикізат пен қайнатылған өнімдерді дәм әзірлеу үшін дайындайды;
– балық және ет сорпаларын міндетті түрде сүзгіден өткізеді;
– мектеп талаптарына сәйкес бүкіл күндізгі рационның тәуліктік сынамаларын алып, сақтайды.
Білуге міндетті:
- әртүрлі тағам өнімдерінің сипаттамасын және биологиялық құндылықтарын, өнім сапасының белгілерін және оларды анықтаудың органолептикалық әдістерін;
– шикізат өнімдерінің, жартылай дайындалған өнімдердің (полуфабрикаттардың) және әзірленген тағамдардың сақталу мерзімдерін және пайдалану уақыттарын;
– балаларға арналған тағам өнімдерін аспаздық өңдеу ісінің ерекшеліктерін;
– бірінші, екінші, үшінші реттегі тағам түрлерін, салқын күйінде берілетін дәмдер мен қамырдан жасалатын өнімдерді жасау технологиясының негіздерін;
– тағам өнімдерін жылу арқылы өңдеу, қайнату, қыздыру, үдемелету, пісіру процестері режимі мен уақыттық параметрлерін;
– қолданылатын жабдықтарға тағамдық шикізаттардың салыну нормаларын, арақатынастарын және өзіндік реттерін;
– әзірленген тағамды балалардың жасына сәйкес үлестік бөлу тәсілдерін;
– тағам өнімдерін ауыстыру жөніндегі таблицаны қолдану ережесін;
– қолданыстағы механикаландырылған, жылытқыш, өлшегіш, мұздатқыш және басқа жабдықтардың құрылғылары мен жұмыс істеу принциптерін, оларды пайдалану мен күтім жасау ережелерін;
– ас дайындау бөлігін талапқа сай ұстаудың санитарлық ережелерін;
– жеке гигиена ережелерін;
– тағамнан улану жағдайының алдын алу тәсілдерін;
– балаларға тағам үлестіру ережелерін;
– ішкі еңбек тәртібі ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, аспаз куәлігі немесе сертификатының болуы.
Еңбек ақы орта есеппен – 86874 (сексен алты мың сегіз жүз жетпіс төрт)
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 15 /он бес/ күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі /19.10.-02.11.2023ж. күндері аралығында/.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
7) Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Әңгімелесуді өткізу орны: БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы, Құрманғазы көшесі, №3 үй, «Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі, № 1 кабинет