bkogov.kz Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Жаңақала аудандық білім беру бөлімі
bkogov.kz
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Жаңақала аудандық білім беру бөлімі
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі   бос орынға конкурс жариялайды. 

 Мекен жайы: 090408, БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы, Құрманғазы көшесі,№3 үй, e.sh.orakbaev@mail.ru, тел: 87114123735

• Конкурс  мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

• Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар ``Enbek.kz``және Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына және әлеуметтік желі парақшаларына жарияланды.

1) Қоймашы  /0,5 бірлік/ шағын орталық

    Лауазымдық міндеттері :

      - тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату, қойма алаңдарын барынша ұтымды пайдалануды, қажетті материалдарды, инвентарьды жылдам әрі жеңіл тауып алу қажеттілігін ескере отырып, оларды орналастырады; 

      - қоймаға жиналатын тауарлық-материалдық құндылықтардың, сақтау режимдерінің, кіріс-шығыс құжаттарының ресімделу және тапсырылу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді; 

     -  өртке қарсы құралдардың болуын және жұмысқа жарамдылығын, орын-жайдың, қоймадағы жабдықтар мен инвентарьдың жай-күйін бақылайды және уақтылы жөндеуді қамтамасыз етеді; 

     - еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нормалар, тәртібі мен нұсқаулықтарды сақтай отырып, қоймада түсіру-тиеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

     - тиеу деректемелерін жинау, сақтау және өнім берушілерге уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етеді;

      - тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізуге қатысады; 

      -қойма операцияларының, белгіленген есептіліктің есебін жүргізуді бақылайды;

   -   қойма шаруашылығының жұмыс тиімділігін арттыру, тауарлық-материалдық құндылықтарды тасымалдау және сақтау шығыстарын қысқарту, қойма шаруашылығы ұйымына есептеу техникасының, коммуникация мен байланыстың заманауи құралдарын енгізу бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі тәртібі мен өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

       Білуге тиіс: 

      қойма шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік материалдар;

     тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау стандарттары мен техникалық шарттары;

      тауарлық-материалдық құндылықтардың түрлері, өлшемдері, маркалары, сорттары және өзге де сапалық ерекшеліктері және оларды жұмсау нормалары; 

      тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру;

     тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау және қоймаға жинау тәртібі мен тәртібі, оларды есепке алу ережелері мен нұсқаулықтары;

      жүктерді тасымалдау және сақтау, қойма орын-жайларын және жабдықтарды жалдау шарттарының талаптары;

      көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстарды есептеу тәртібі;

       есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану тәртібі (Microsoft Word, Excel бағдарламаларымен жұмыс жасай білу); 

       еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

        Біліктілікке қойылатын талаптар

      тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша жоғары немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім немесе жалпы орта білім болуы.

Еңбек ақы орта есеппен –40 000 (қырық мың теңге)

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 15 /он бес/ күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі /8.11-22.11.2024ж. күндері аралығында/

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

    1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

     4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

    7) Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

 Әңгімелесуді өткізу орны: БҚО, Жаңақала ауданы,  Қызылоба ауылы, Құрманғазы көшесі, №3 үй, «Е.Ш.Орақбаев атындағы  жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі, № 1 кабинет

 

2/5